Шымкентте тағы 3 кітапхана жаңартылды

16

Шымкентте үш кітапхана заман талабына сай жасақталды. Елорда күнінде оқырмандар игілігіне тапсырылған нысандарды қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аралап көрді. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Балалар әдебиеті жылы» аясында модернизациядан өткен нысандар алдағы уақытта тек кітап оқитын орын ғана емес түрлі бағыттағы игі шаралар өтетін орталықтарға айналмақ.

Бүгінгінің баласын арзанқол дүниемен алдаусырата алмайсыз.  Ғаламтордың арқасында  әлемнің ғажайыптары алақандарында. Ой-өрісі өзгеше дамып келе жатқан бүлдіршіндерді кітапқа баулу да оңай шаруа емес. Ол үшін ең алдымен кітаптың қызықты болуы аздық етеді, кітапхана ғимараты да көз тартарлықтай әсем болуы тиіс.  Осыны ескерген билік өкілдері биылғы жылы кітапханалардың жағдайына ерекше ден қоя бастады. Бұл  Шымкенттегі орталықтандырылған балалар кітапханасы. Бұрыңғы кейпі Кеңес дәуірін еске салатын. Ал қазір жаңа дизайнды сөрелермен сәнделіп, замануи үстелдер қойылған. Қабырғалар да әсем жасақталған.  Жаңаша жасақталған рухани орталық қазірдің өзінде ата-ана мен балалардың жиі келетін сүйікті орнына айналып үлгерді. Жазғы каникулға шыққан балалар кітаппен достасып, әдебиет әлеміне саяхат жасауда.  Алда жоспарлар көп. Кей қызметтер ақылы болған жағдайда рухани орталықтың сәні мен сәулеті бұдан да айшықтала түседі дейді кітапхана басшылығы.

Гүлсім Шатырбекова, Шымкент қаласы орталықтандырылған кітапхана директоры:  1/03-35  Ақылы қызметтерді іске қосамыз. Оның қаражаты кәтапханыны жасақтауға жұмсалады...

Елорда күніне орай Абай атындағы қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесінің №8 және №11 филиалдары да отбасылық кітапхана ретінде қайта жасалып, модернизацияланды.  Жаңарған кітапханаларда жаңа оқу аймақтары, кітап және оқырмандар залдары, «Art Community Space» залдарының жаңа жұмыс жүйесі, кофехана жұмыс істейді.Модернизациядан кейін жаңа кітапханалар тек кітап оқитын орын ғана емес, сонымен қатар оқырмандар өздерінің шығармашылық әлеуетін іске асыратын, демалып, жүздесетін орталықтарға айналады. Сонымен қатар, мұнда әртүрлі санаттағы оқырмандарға еркін үйірмелер ұйымдастырылады.

Шыңғыс Мұқан, Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары:  Қазір адам капиталын дамытуға көп көңіл бөлінуде...

Айта кетейік, биыл Шымшаһарда 10 кітапханаға модернизация жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Бүгінгі таңда мәдениет нысандарын жаңғырту жұмыстарының бірінші кезеңі аяқталды.  ІІ-кезеңде тағы 4 кітапхана желісін заман талабына сай жаңғырту көзделіп отыр.

Пікірлер
Редакция таңдауы