Ресей тұрғындары 5G мұнараларын трактормен құлатып тастады

3577
Adyrna.kz Telegram

Башқұртстандағы Абзелилов ауданының тұрғындары трактормен ұялы байланыс операторларының бірінің мұнарасын құлатты. Әлеуметтік желілердегі ақпараттарға сүйенсек, бұл акцияны ұйымдастырушылар өз әрекеттерін "5G мұнаралары адам өміріне аса қауіпті болуы мүмкін" деп түсіндірген. 

Аудан тұрғындары әр шақырым сайын орнатылатын мұнаралардың көптігіне таңданыс білдіріп, күдіктенген. «Башинформ» хабарлағандай мұнара «Tele2» компаниясына тиесілі, ол жалға алынған алаңға толығымен заңды негізде орнатылған.

Алайда аудан халқы бұл ақпаратқа сенімсіздік танытып отыр. Олар мұнаралар халықтың денсаулығына зиян келтіріп, тіпті санасын бақылау үшін орнатылған деп санайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер