Қайтыс болған әйел бір сағаттан кейін тіріліп кетті

3258
Adyrna.kz Telegram

Сегізінші рет әже атанған АҚШ тұрғыны Кэти Паттен 45 минутқа созылған клиникалық өлімнен аман өтіп, немересі өмірге келер алдында қайта тірілді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Daily Mirror-ға сілтеме жасап.

Аяғы ауыр қызына көмектесу үшін перзентханаға асыққан кейуана кенеттен инфаркт алып, ауруханға түскен. Жан сақтау бөліміне жатқызылған әйелдің жүрегі тоқтап, 45 минут бойы тіршілік белгісін бермейді.

Осы уақытта оның қызы жедел кесарь отасына дайындалып жатқан еді. Файфердің операциясынан бұрын анасы  қалпына келіп, көп ұзамай Алора есімді жаңа туған немересімен   қауышқан.

«Маған тағы бір мүмкіндік бергені үшін Құдайға ризамын. Енді мен мүмкіндігінше жақсы адам боламын»,– деді Кэти Паттен.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер