Қырғызстан Иран мен Израиль арасындағы қақтығыстың өршуіне алаңдаушылық білдірді

1933
Adyrna.kz Telegram
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрлігі Иран мен Израиль арасындағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты үлкен алаңдаушылық білдіреді. Бұл туралы ведомства таратқан хабарламада айтылған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Онда Қырғыз Республикасы тараптарды Таяу Шығыстағы жағдайдың тұрақсыздануына әкелетін бұдан әрі әскери әрекеттерден бас тартуға шақыратыны атап өтіледі.

«Қырғызстан тағы да тараптарды халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларына, ең алдымен БҰҰ Жарғысына сәйкес бейбіт жолмен шешуге шақырады», - делінген СІМ хабарламасында.

Айта кетейік, сәуірдің 14-іне қараған түні Иран Израильге ұшқышсыз ұшақтармен және қанатты зымырандармен шабуыл жасады. Израиль қорғаныс күштері Иранның 300-ге жуық снарядының 99 пайызын ұстағанын хабарлады. Тегеран бұл соққыны сәтті деп санайды. 

Бұған қоса, Иран бірнеше араб елдері арқылы АҚШ-қа Вашингтон Иран мен Израиль арасындағы қақтығысқа араласса, аймақтағы америкалық базаларға шабуыл жасалатынын ескертті.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Надоели боли в суставах? 7 дней и ваши суставы восстановятся
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер