911: АҚШ-тың Қазақстанға әсері

713
The towers of the World Trade Center billow smoke shortly after being
struck by hijacked commercial airplanes in New York in this file photo
taken on September 11, 2001. The East River and Manhattan Bridge are in
the foreground. This year's anniversary of the September 11 attacks in
New York and Washington will echo the first one, with silence for the
moments the planes struck and when the buildings fell, and the reading
of 2,792 victims' names. REUTERS/Brad Rickerby-Files

HB/ - RTR2G09
The towers of the World Trade Center billow smoke shortly after being struck by hijacked commercial airplanes in New York in this file photo taken on September 11, 2001. The East River and Manhattan Bridge are in the foreground. This year's anniversary of the September 11 attacks in New York and Washington will echo the first one, with silence for the moments the planes struck and when the buildings fell, and the reading of 2,792 victims' names. REUTERS/Brad Rickerby-Files HB/ - RTR2G09

2001 жылы 11 қыркүйекте террористер өздері басып алған төрт жолаушылар ұшағын Дүниежүзілік сауда орталығының қос мұнарасына, Пентагон мен Пенсильвания жазығына бағыттап, 3 мың адамның өмірін қиды. Тарихта 9/11 деген атпен қалған қанды шабуылдан кейін әлем қалай өзгерді?

 Биыл қайғылы оқиғаға 20 жыл. Бірақ аталмыш оқиғаға қатысты әлі нақты ақпарат көпшілікке ұсынылмады. АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден сайлау сәтінде 11 қыркүйек туралы зерттелген ақпараттарды жариялаймын деп, сөз берген еді. Тіпті қайғылы оқиғада жақындары қаза тапқан 1800-ден астам америкалық азамат егер Джо Байден берген уәдесін орындамаса, еске алу салтанатына келмей-ақ қойсын деген талап қойды. Ал 11 қыркүйек күні Джо Байден сөзінде тұрып, алғашқы құпия құжатты жариялады.

 Құжатта не жазылған?

 17 беттен тұратын құжатта Лос-Анджелесте орналасқан Сауд Арабияның елшілігінде өткен сұхбат келтіріледі. Онда АҚШ визасын алуға тырысқан азаматтың ұшақты ұрлаған 2 азаматпен қанщалықты байланысы бар-жоқтығын анықтауға тырысады. Дегенмен, мақаланың көптеген жерлері жасырылған.

 ОҚИҒА ҚАНДАЙ СӘТТЕРІМЕН ЕСТЕ ҚАЛДЫ?

 - 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиғадан соң, АҚШ әскері Ауғанстанға басып кірді. Осы аралықта 2 президент ауысып үлгерді.

- Хамид Карзай (2001-2014 жж аралығы).

- Ашраф Ғани (2014-2021 жж аралығы).

- АҚШ Ауғанстанға басып кіргенде 2 негізгі мәселені шешуге тырысты:

Наркотрафикті тоқтату.

- 1996 жылы Ауғанстан билігіне талибтер билікке келгенде есірткі саудасы жылына 2 248 мың тоннаны құраса, 2001 жылы 185 тоннаға дейін түсіп кетті.

2002 жыл - 3400 мың тонна

2020 жыл - 6300 мың тонна

Елдің экономикалық дамуына үлес қосу.

 Жыл сайын 10 млрд долларға жуық қаржы бөліп, елдің тұрақталуына атсалысты. Алайда жемқорлық туралы Transparency агенттігінің рейтингісі Ауғанстанды жемқорлығы жоғары (180 елдің ішінде 165-орын) елдердің қатарына қосты.

- 2001 жылы тәліптерге қарсы соғыс басталғалы АҚШ бастаған коалиция Ауғанстанда 3500 жауынгерінен айырылған, олардың 2300-і – америкалық әскери қызметкер. Одан бөлек, 20 660 америкалық жауынгер соғыста жарақат алған.

- Ашраф Ғани кейінгі бес жылда ауған қауіпсіздік күштерінің 45 мың қызметкері көз жұмағанын мәлімдеген. Браун университетінің 2019 жылы жүргізілген зерттеуінде 2001 жылы қазанда әскери қимылдар басталғалы ауған әскерилері мен полиция қызметкерлерінің арасында 64 100 адам қаза тапқан.

- АҚШ-тың Ауғанстан мен ондағы соғысқа қанша ақша жұмсағаны белгісіз. Байден жақында шамамен 2,3 триллион доллар кеткенін айтты.

- 20 жылдан кейін 2021 жылы 30 тамызда АҚШ Ауғанстандағы операциясын аяқтап, әскерін елге қайтарды. АҚШ президенті Джо Байден “Ауғанстандағы соғыс аяқталды” деп жариялағаннан кейін бірнеше күннен соң тәліптер билікке қайта оралды.

АҚШ-ТЫҢ ОРТАЛЫҚ АЗИЯҒА ӘСЕРІ

АҚШ-тың Орталық Азия мемлекеттерімен байланысын 2 кезеңге бөліп қарастыруға болады. Біріншісі - КСРО ыдырап, тәуелсіз Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан елдерімен байланыс орнатып, ядролық қарудан тазарту жұмыстарын жүргізу және энергетикалық келісім-шартқа қол жеткізу.

Ал екінші кезеңге 2001 жылы 11 қыркүйектегі оқиға әсер етті. Себебі, АҚШ әскері басып кірген Ауғанстан мемлекеті тікелей Орталық Азиямен шекаралас жатыр еді. Осыған орай, АҚШ Орталық Азия елдерімен әскери қарым-қатынас орнатуға тырысты.

Өзбекстан мемлекеті алғашқылардың бірі болып, АҚШ әскеріне Ханабад әуе базасын (2005 жылға дейін) қолдануға рұқсат берді. Ол жерде АҚШ-тың 1-1,5 мың әскері орналасты. Бұл бастама қос елдің арасындағы сенімділікті арттырып, 2002 жылы стратегиялық әріптестік және достастық Декларациясын түзуге әсер етті.

Досым Сәтпаев (Саясаттанушы): Ауғанстандағы жағдайдың тұрақсыздығынан көрші Өзбекстан әскері біршама күшейді. Global Firepower халықаралық рейтингісі бойынша 2021 жылы Өзбекстан 51-орынды алып, Орталық Азиядағы ең мықты әскер статусын иеленді. Ал Қазақстан 62-орынға жайғасып, Өзбекстаннан 11-орынға қалып қойды.

 Одан бөлек, 2018 жылы президент Шавкат Мирзиев Өзбекстанда тәлібтер мен ауған басшылығы өзара диалог құру үшін, өз жерінде келіссөз жүргізуді ұсынды. АҚШ пен тәлібтер келісімге келген сәтінде Өзбекстанның сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловтың да болғанын ескерген жөн.

Тәжікстан елі де америкалықтармен қарым-қатынасын кеңейтті. АҚШ және одақтастар авиациясы ел аумағында ұшуға мүмкіндік алып, Кулябта қонуға мүмкіндік алды. АҚШ Тәжікстанға байланысты қару-жарақ шектеуін алып тастады.

Қырғызстан 2001 жылдың желтоқсан айында АҚШ-қа Манас әуежайын 1 жыл қолдануға мүмкіндік берді. 2003 жылы қос елдің арасындағы келісім-шарт тағы 3 жылға (2006 жылы 5 жылға созылды) ұзартылды. 2009 жылы Қ.Бакиев Мәскеуге сапары барысында Манас келісім-шартын тоқтататындығын айтты. Тіпті наурыз айында қырғыз парламентінде Манастағы әскери қызметкерлерді тамыздың соңына дейін елден шығару жөнінде заң қабылданды.

Алайда маусым айында қырғыз бен америкалықтар Манаста транзит тасымалы жөнінде келісімге келді. Бұл келісімнің арқасында жалға алу құны 17,4 млн доллардан 60 млн долларға дейін көтерілді.

Қазақстан Ресеймен әскери-саяси байланысын сақтап қалды. Бірақ 2001 жылы АҚШ-тың баспасөз беттерінде қазақ басшылары АҚШ-қа Жамбыл облысында әскери база ашуға ұсыныс білдіргенін жазды. Дегенмен, АҚШ әзірге Қазақстанда әскери база ашуға қажет еместігін алға тартты. Әйтсе де, америкалық жауынгерлер Қазақстанның әуе кеңістігінде ұшатын болып, кездейсоқ жағдай туындаған сәтте Алматы әуежайына қону құқығын алды.

Досым Сәтпаев (Саясаттанушы): Қазақстан Ауғанстан мәселесін шешу барысында гуманитарлық көмек қолын созды. Мысалы, 2008 жылы Қазақстан Саманган провинциясындағы мектеп құрылысы, Бамиан провинциясындағы аурухана, Құндыз-Талукан аралығындағы тас жолды жөндеу үшін 2 млн 380 мың доллар қаржы бөлді. Одан бөлек, Қазақстан Ауғанстанға 15 000 тонна азық-түлік жөнелтті. Құны 50 млн доллар тұратын білім грантын бөліп, 1 мыңнан астам ауған жастарына Қазақстан ЖОО-да оқуға мүмкіндік сыйлады.

 Марат Шибутов (Саясаттанушы): Тәлібтердің Ауғанстанның билігіне келуінің әсерінен БҰҰ штабы Алматыға қоныс аударды. АҚШ-тың Алматыны таңдауы да Қазақстанға деген Орталық Азия елдерінің ішінде ерекше сыйластығы бар екендігін аңғартады. БҰҰ штабының Қазақстанға көшуі тек Ауғанстанға деген көмек емес, сонымен қатар 1000-нан астам шетелдік азамат Алматыда пәтер жалдап т.б қызметтерді қолдану арқылы ел экономикасына біршама үлесін қосады.

Түркіменстан АҚШ-тың ұшақтарына ел кеңістігінде ұшуға және жерде Ауғанстанға тек гуманитарлық көмек көрсеткен жағдайда ғана жүруге рұқсат берді.

Түйін: Әр елдің даму жолы, болашақты таң­дауы әртүрлі. Кезекті держава АҚШ-тың 2001 жыл 11 қыркүйектен кейінгі басты шешімі Ауғанстанды күш­теп өзгертемін деген жоспары жүзеге аспады.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы