АҚШ Сириядан кетеді

945

Америкалық әскерлер АҚШ президенті Джо Байденнің билігі аяқталғанға дейін Сириядан кетеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Lenta.ru сайтына Ресей халықаралық істер жөніндегі кеңес сарапшысы Алексей Наумов айтты.

Маман АҚШ Сириядағы мүдделерін әскери емес, дипломатиялық құралдармен қорғай бастайтынына сенім білдірді. «Ислам мемлекеті» (Қазақстанда тыйым салынған ұйым) лаңкестеріне қарсылық тек ұшқышсыз ұшатын аппарат соққыларымен және жекелеген содырларды тұтқындаумен шектелетін болады. Наумовтың айтуынша, АҚШ қазірдің өзінде Башар Асад режимін оқшаулауды қаламайды.

Оның пайымдауынша, қазіргі контингент АҚШ -қа Сириядағы бірнеше тапсырманы бірден шешуге мүмкіндік береді. Ол Сирия-Ирак шекарасындағы жағдайды бақылауда ұстайды, күрдтерге қолдауға көмектеседі, «Ислам мемлекеті» мен ираншыл күштердің орналасуына жол бермейді.  АҚШ ақырында Асадқа "күрдтер басып алған мұнайға бай аумақты түпкілікті иемденуге" рұқсат бермейді.

10 тамызда АҚШ Қорғаныс министрінің Таяу Шығыс бойынша көмекшісінің орынбасары Дана Строул АҚШ әскерлері Сирияның солтүстік -шығысында қалуы керек деп мәлімдеді. Оның айтуынша,  ИМ -мен күресуде одақтастарға көмектесу қажет. Сондай-ақ, Строул АҚШ-тың қатысуының гуманитарлық аспектісін атап өтті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар