Халықаралық сот ісін жүргізу тәжірибесін полиция басшылары оқиды

330

2021 жылдың 09 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция полковнигі Айдар Сайтбеков "Астана" халықаралық қаржы орталығы академиялық Кеңесінің мүшесі, ҚР ҰҒА құрметті академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор Бақытжан Әбдірайыммен кездесті.

ІІМ жүйесінде жүргізіліп жатқан жаңғыртудың аясында аталмыш органның қызметкерлерінің барлық санаттарын – қатардағы қызметкерден бастап жоғары басшы құрамға дейін даярлаудың практикаға сүйенген бағдарламаларын енгізу арқылы қызметкерлерді даярлауда үздіксіздік қағидаты іске асырылады.
Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясында Ішкі істер министрінің бастамасы бойынша ішкі істер органдарының басшы құрамын дайындайтын №1 және № 2 факультеттер құрылғаны белгілі.
Азаматтық және коммерциялық дауларды шешуге, сондай-ақ Англия заңнамасын, Англия мен Уэльстің оң жүйесінің қағидаттарын, нормалары мен прецеденттерін пайдалануға байланысты "Астана" халықаралық қаржы орталығының тәжірибесі мен жинақталған білімі ішкі істер органдарының басшылары үшін өз қызметінде пайдалы болуы мүмкін.
Алматы академиясы мен Bureaufor Continuing Professional Development Ltd басшылығының бүгінгі кездесуі - озық халықаралық тәжірибе қағидаттары негізінде үздіксіз кәсіби дамудың тиімділігін арттыру үшін, ары қарайғы ынтымақтастықты арттырудың негізі болып табылады.


Кездесу барысында Bureaufor Continuing Professional Development Ltd және Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы арасында кәсіби қоғамдастықтарды дамыту, қалыптастыру және қолдау үшін тұғырнаманы нығайту, кәсіпқойлар арасындағы қолжетімді тәжірибе мен ашық диалог мақсатында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Бұл іс-шара бірқатар маңызды жобаларды одан әрі дамыту мен іске асырудағы маңызды қадам болып табылады!

Пікірлер
Редакция таңдауы