Ауған әйелдеріне спортпен айналысуға тыйым салынды

299

Ауған әйелдеріне енді спортпен айналысуға болмайды. «Талибанның» мәдениет жөніндегі комиссия төрағасы Ахмадулла Васик австралиялық телеарнаға берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді, деп жазады Хабар 24.

Оның айтуынша, бұл тыйым ұлттық құрамада өнер көрсететін бұрымдыларға да қатысты. Себебі Ислам мен Ислам әмірлігі қыз-келіншектерге келбет пен дене бітімі көрінетін спорт түрімен айналысуына рұқсат бермейді.

Айта кетейік, бұған дейін тәліптер оқушы-қыздардың мектепке баруына қатысты жаңа ереже қабылдаған болатын. Енді олардың үсті түгел жабық болуы тиіс. Және ғимаратқа артқы есіктен кірулері керек.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар