Спортқа бөлінген ақшаны министрлік түгілі, жергілікті басшылар түсінбейді - Дәулет Мұқаев

1285
Adyrna.kz Telegram

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев спортқа бөлінген қаржының қайда кетіп жатқаны жайлы сұрады. Бұл туралы ол мәжілістегі дөңгелек үстел барысында айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«Бұқаралық спортқа қанша қаржы бөлінетінін министрліктен де сұраттым және әр облысқа хат жіберіп, мәлімет жинаған едім. Сіздердің есептеріңіздегі бөлінген қаржы 289 млрд (теңге) солай келді де, бірақ облыстардың берген есептері түсініксіз. Ешкім ештеңе түсінбейді. «Сіз қай спортты сұрап жатырсыз? Қай ақшаны?» деп өздері менен сұрайды. 20 облыс, соның ішінде Астана, Алматы және Шымкент қалаларын қосқан кезде, Солтүстік Қазақстан мен Павлодар облыстары ғана ақшаның қайда кеткенін, қайда бөлінгенін, қайда спортқа бөлінгенін, бәрін түсініп отырған сияқты. Олар барлығын нақты қайда кеткенін бөліп, жарып, мәлімет берді», - деді депутат.

Депутаттың айтуынша, қалған аймақтар бөлінген қаржы туралы жалпы ақпарат ғана берген. Мысалы, Астана бойынша 20 млрд (теңге), Қостанай облысына 13 млрд (теңге).

«Жалпы бөлінген ақша туралы министрлік түгілі, жергілікті басшылардың өздері түсінбей жатыр», - дейді Мұқаев.

Пікірлер