Қазақстандық теннисші Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанды

2235
Adyrna.kz Telegram
Фото: Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жарыстың 2-ракеткасы Г.Ломакин мен украиналық Вадим Урсу финалда италиялықтар Филиберто Фумагалли – Сэмюэль Винсент-Ругиеримен бас жүлдені сарапқа салды.

Үш сетке созылған тартысты бәсекеде қазақстандық-украиналық жұп 6:2, 4:6, 10:5 есебімен жеңіске жетіп, чемпиондық атаққа қол жеткізді.

 

Пікірлер