Шымкентте жол құрылысы қарқынды

2203
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте биыл жол құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Салаға жауаптылар бұл мақсатқа қаралған қаржы былтырғымен салыстырғанда едәуір артып отыр дейді. Жол саласында атқарылатын құрылыстардың 80 пайыздайы елді мекендердегі ішкі орам көшелерін асфальттауға бағытталған. Жалпы жыл соңына дейін 144 көшеге шағыл тас төселеді. Жол сапасы қала әкімінің тікелей бақылауында тұр.

Әл-Фараби көшесі жалғасының құрылысы қызу жүргізілуде. Көшенің жалпы ұзындығы 7,6шақырым, ені 43метрді құрайды. Жолдың жүріс бөлігі 4 жолақты. Бүгінде құрылыс жұмыстарының 80% аяқталған. Асфальттің тағы бір қабаты салынып, жол белгілері қойылады.Құрылысшылар қыркүйек айында нысанды толық аяқтап, ел игілігіне береміз деп отыр. Бұл жолды әсіресе Солтүстік саяжай тұрғындары асыға күтіпті.

Жолдасбек Жаңбыршы қала  тұрғыны

Бүгінде қалада 100-ден аса нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл жылдар бойы кезегін күткен ауқымды жобалар атқарылуда. 3 кезеңнен тұратын Қонаев көшесінің жалғасы, Қонаев-Рысқұлов көшелері мен Бәйдібек би-Арғынбеков көшелерінің жолайрық құрылыстары қолға алынып, жұмыстары өндірістік кестеге сай жүргізіліп жатыр дейді салаға жауаптылар.

Мадияр Байымбетов Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:

Жолдың шақырымы ғана емес сапасы да маңызды. Мамандар арнайы жылжымалы зертхананы қолдану арқылы жолдың енін өлшеп, қалыңдығын анықтайды. Алынған үлгілер арнайы сараптамаға жіберіліп, салынып жатқан нысанға тиісті баға беріледі. «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының сынақ зертханасының мамандарыкемшіліктер анықталған жағдайда мердігерлерге олқылықтарды жоюға мерзім белгілейді.

Қайрат Шакиров «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығы Шымкент қаласы бойынша филиалысынақ зертханасының меңгерушісі

Шымкентте биыл шалғай елдімекендердегі жолдардың құрылысына басымдық беріліп отыр. Қалада жыл соңына дейін 270 шақырымдай жол пайдалануға беріледі.

Пікірлер