Қос сенатор Шымкентте

2105
Adyrna.kz Telegram

Шымкентке ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Айгүл Қаппарова арнайы келді. Сенаторлар сапар барысында Шымкент қалалық ПД тынысымен танысып, мегаполистегі құрлыс алаңдарын аралады.

Шымкенттің көшелеріне 3,5 мың камера қойылайын деп жатыр. Әкімдік қаржыландырып жатқан бұл жоба қаладағы тәртіпті ширата түседі. Қазірдің өзінде  20 бейне бақылау қондырғылары орнатылған. Жедел басқару орталығы да  заманауй талаптарға келтіріліп  57 қызметкер жұмыс істеуде.

Ералы Жұмаханбетов – Шымкент қалалық ПД бастығы

Сплошной покрытие деп жатырғой Сондай жасап жатырмыз. Сосын Сергекпен келісіп жатырмыз.

Мегаполис полейцейлері 100 пайыз планшет, бейнерегистратормен  жабдықталған. Тергеушілер мен анықтаушылар 100 пайыз жеке компютермен қамтылған. Полицейлердің мәртебесін арттыру үшін мемлекет тарапынан қолдау бар. Осы бағытта  ішкі істер органдары туралы заңдарға, әкімшілік процесуалдық кодекске өзгертулер енгізіліп жатыр.  Әлеуметтік кепілдік кадр сапасын арттыру бойынша сенаттағы шаруаларды  Нұрлан Бекназаров баяндады.

Нұрлан Бекназаров – ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Сіздердің министрліктеріңізбен сенатта қызу талқылауға түсіп. Біраз заңды қабылдап үлгердік

Халық қалаулылары Қонаев даңғылы мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайырық құрлысымен танысты.1,5 айға жоспарланған құрлыс кезінде Байтұрсынов көшесінің Рысқұлов, Арғынбеков көшелері арасындағы бөлігі жеңіл көліктерге бір жақты жүруге ғана арналады. Қоғамдық көліктерге шектеу жоқ.Бұл шектеулердің барлығы Рысқұлов-Қонаев жолайрығы құрлысын ертерек аяқтауға бағытталған. Ауқымды шаруаға сенаторлар оң бағасын берді.

Ержан Жолдасов – Шымкент қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқырмасының басшысы

Қонаевты ашу үшін біз қазір балкілерді қою жұмыстарын істеп жатырмыз.

Айгүл Қаппарова - ҚР Парламенті Сенатының депутаты

Мына құрлысшылар өз уақытында аяқтаймыз деп отыр.

Қос сенатор осы сапарында Шымкент қаласы маслихатының депутаттарымен кездесіп, қаладағы көлік –логистикалық орталығының тынысыменде танысты.

 

К. Дүйсенбі

Пікірлер