Бүгін Президент Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

2833
Adyrna.kz Telegram

Бүгін 1 қыркүйек күні сағат 11:00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы

«Жолдауды барлық республикалық телеарналар тікелей эфирде көрсетіп, негізгі радиостанциялар тікелей толқында таратады», деп жазды Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Жолдауда елдің алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының басым бағыттары туралы айтылмақ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер