Жаңа жыл қарсаңында Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Halyk банкті өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін басқарма төрайымы Үміт Шаяхметованы алғыс хатпен марапаттады.
Маңғыстау облысы Қазақстан экономикасында маңызды рөл атқарады. Бүгінде Halyk банк ШОБ секторының 50%-дан астамына несие беріп отыр. Осылайша, банк облыстағы кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ, Halyk өңірдегі өткір әлеуметтік мәселелерді шешуге белсенді қатысады.
Мысалы, 2023 жылы Маңғыстау облысының әкімдігі мен "Халық" қайырымдылық қоры арасында 4,4 млрд теңгеге ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылған болатын. Қаражат Бейнеу астық терминалының жұмысын қайта жандандыруды қаржыландыру, Жаңаөзен қаласында тұщыландыру қондырғысының құрылысына демеушілік жасау және Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылында суды тұщыландыру зауытының құрылысы сияқты әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға арналған. Сондай-ақ, қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарланып отыр. Жаңаөзен және Маңғыстау облысындағы бірқатар балалар спорт-ойын алаңдары және Бейнеу ауылындағы 3 мектепті жаңарту жоспарда бар.
Айта кетейік, аймақтағы ауқымды су тасқыны кезінде Halyk апаттардың зардаптарын жоюға алғашқылардың бірі болып зардап шеккендерге тұрғын үйді қалпына келтіруге және сатып алуға ақшалай қаражат жұмсап қана қоймай, оларға рекордтық мерзімде атаулы төлемдерді қамтамасыз еткен болатын.