Желіде балаларға вакцина жасырын салынады деген ақпарат фейк болып шықты

3382
Adyrna.kz Telegram

Ғаламтор желісінде еліміздің мектеп оқушылары ата-аналарының келісімінсіз Pfizer/BioNTech өндірген вакцинамен салынатыны,  бала үйде вакцинация туралы айтпауы үшін препарат мұрынға арналған спрей түрінде болатыны  туралы қауесет тарауда. Бұл өтірік деп хабарлайды stopfake.kz. ⠀

Желіні шулатқан ақпаратты ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жоққа шығарды.

«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Біріншіден, Pfizer/BioNTech өндірген вакцинаны Қазақстанға 2021 жылдың төртінші тоқсанында жеткізу жоспарланған.  Екіншіден, ол тек иненің көмегімен бұлшықетке егіледі. Бұл препарат 12 жастан асқан жасөспірімдерге арналған. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда балаларды вакцинациялау тек ата-аналардың немесе ресми өкілдердің (қамқоршылардың) ақпараттандырылған келісімімен ғана жүргізіледі», — деп хабарлады ведомстводан. ⠀

Сондай-ақ, Pfizer/BioNTech өндірген COVID-19 алдын алуға арналған препарат барлық қажетті клиникалық және клиникаға дейінгі сынақтардан өткендігі, оның қауіпсіздігі мен тиімділігі дәлелденгендігі айтылды.

Бұл вакцинаны алғаннан кейін балалар жаппай өледі деген де қауесет. Вакцина АҚШ-тың азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын санитарлық қадағалау басқармасымен мақұлданған және АҚШ, Канада, Австралия, Бельгия, Франция, Исландия және т. б. 98 елде қолданылуда.  Оны қолдану нәтижесінде жаппай өлім тіркелген жоқ.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер