Ақтөбеде ер адам досын пышақтап өлтірді (видео)

3815
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде ер адам бірге ішімдік ішкен досын пышақтап өлтірді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Ағымдағы жылдың 24 тамызында Ақтөбе қаласы ПБ-ның “102” жедел басқару орталығына ер адам қоңырау шалып, Кутуев көшесінде орналасқан үйден жалғыз тұратын туысының мәйітін тапқанын хабарлаған. Оқиға орнына келген жедел-тергеу тобы шамамен 45 жастағы кеудесінде пышақтың жарақаты бар ер адамның мәйті табылды»,— делінген хабарламада.

Полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде 44 жастағы ер адам анықталды. Ол 22 тамыз күні жәбірленушінің үйінде екеуі ішімдік ішіп, олардың арасындағы жанжалдан кейін, оның марқұмға пышақ салғанын мәлімдеді.

Жиналған дәлелдемелердің жиынтығы негізінде қылмыстық құқық жасаған тұлға ҚПК-нің 128-бабына сәйкес ұсталып, Ақтөбе қаласы УҰИ-не қамалды. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Өзге мәліметтер тергеу мүддесінде жария етілмейді.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер