Сайыста үздік, жаттығуда шымыр жауынгерлер

2604
Adyrna.kz Telegram

Қазақстан қорғаныс саласын дамыту мақсатында нық қадамдар жасауда. Елдің ертеңі үшін әскери саланы дамытудың маңызы аса зор. Себебі әскер ел қорғаны ғана емес, оның тыныш дамуы мен тұрақты өсуінің кепілі. Осы мақсатта еліміз түрлі мемлекеттермен келісім жасап, өзара жаттығулар да өткізіп тұрады. Сондай-ақ аймақтық және халықаралық деңгейдегі жарыстарда да өз белсенділігін түсірген емес. Үнемі үздіктер қатарынан көрініп, еңсені биік ұстап, рухты аспандатудың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.

Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында ондаған жылдар бойы әскери салада тәжірибе алмасу жалғасып келеді. Пәкістан қорғаныс саласы дамыған, әскери техниканы жасақтай білген және ядролық қаруға ие қуатты мемлекет.

Жақында сондай жаттығудың бірі өтті. Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы Қарулы Күштерінің арнайы күштерімен бірлескен «DOSTARYM-2021»арнайы тактикалық оқу-жаттығуы Пабби қаласындағы терроризмге қарсы ұлттық орталық пен «Мергендер мектебінде» өтуде.

Қазақстан тарапынан «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері қатысып жатыр. Жаттығу кезінде екі елдің әскери қызметшілері елді мекендерде заңсыз қарулы топтарға қарсы тұру мәселелерін пысықтап жатыр. Атап айтқанда, шартты түрде заңсыз қарулы құралымдарды анықтау, бұғаттау және жою бойынша шаралар іске асуда. Бұл халықаралық деңгейде террорлық топтар күшіне енген сәтте аса қажет болып отыр.

Бастапқы кезеңде әскери контингенттер үйлестіру мен өзара әрекеттесу мәселелерін пысықтап, бірлескен арнайы операция өткізеді, содан кейін олар тікелей барлау мен жауынгерлік операцияларға көшеді. Оқу-жаттығуға екі елден 50-ден астам әскери қызметші, 20-ға жуық әскери және арнайы техника қатысуда. Айта кетейік, 2019 жылы бірлескен оқу-жаттығу Қазақстан аумағында өткен болатын.

Қазақстан түрлі әскери жаттығуларға да қатысуды арттырып келеді. Халықаралық Армия ойындарының «Теңіз кубогы» бәсекесінде қазақстандық теңізшілер теңіз кемелерін аман сақтап қалу үшін күресте бірінші орынды иеленді. Ирандық экипаж біздің жауынгерлермен көшбасшылықты бөлісті. Үздік нәтижені Қазақстан құрамасы және бірінші кезеңдегі үш жаттығудың нәтижесі бойынша «Сұңқар» сайысында да көрсетті. Қазақстандық әскери қызметшілермен бірінші орынды Ресей құрамасы да иемденді.
Арменияда өткен «Бейбітшілік жауынгері» байқауына қатысушылар «Кәсіби» кезеңнің екі жаттығуын орындады. Қазақстандық команданың өкілі аға сержант Дархан Аслан барлық бәсекелестерге қарағанда кедергілерден жылдамырақ өтіп, яғни 6 минут 17 секундта тапсырманы сәтті орындап, үздік атанды.

Үш жарыс күнінің қорытындысы бойынша Ресей көш бастап тұр, екінші орынды қазақстандық әскери қызметкерлер алуда. Әлемнің алпауыттары қатысып жатқан сайыста мұндай көрсеткішке табан тіреу өте үлкен жетістік болып табылатыны анық.

Ал тағы бір сайыс «Elbrus Ring» байқауының бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан екінші орында, Ресей құрамасы көш басында, Өзбекстан үшінші орында тұр. Бірінші кезеңде қатысушылар жасанды таулы аймаққа өрмелеуден, таулардағы кедергілерден өту және ату орындау бойынша бес түрлі арнайы тапсырманы орындады. Бұл арада Халықаралық Армия ойындарының басқа жарыстарындағы жарыстар жалғасуда. Күрестің қарқындылығы, сонымен қатар әр команданың жеңіске деген ұмтылысы артып келеді.

«Танк биатлоны» жеке жарыстағы жетістік, «Әлем жауынгерінің» әскери-кәсіби кезеңіндегі көшбасшылық және «Сұңқардың» әуедегі барлаудағы жетістіктері - бұл Халықаралық Армия ойындарының кезекті бәсекелі күнінің нәтижесі болып отыр деуге толық негіз бар.

Мәскеу түбіндегі «Алабино» әскери жаттығу кешенінде капитан Абдулхаким Дүйсенов, 3 -дәрежелі сержант Сұңғат Садуақасов пен аға сержант Думан Байжановтан тұратын алғашқы қазақстандық экипаж жоғары кәсіби шеберліктерін көрсетті. Танк биатлоны бойынша жеке жарыста жеңіске жетті. Қазақстандықтар Әзербайжан, Беларусь және Сербия қарсыластарынан сенімді түрде озып, барлық нысандарға жөп тиді және кедергілерді талапқа сай еңсеріп шықты.

Рязаньда әуе десанттық взводының қатысушылары келесі кезеңде қоян-қолтық ұрыста кездесті. Қазақстан өкілі, ефрейтор Олжас Ержан 70 келіге дейінгі салмақта екінші орынды, үшінші орынды 70-тен 80 келіге дейін капитан Жасұлан Мүсеркенов иеленді. Мейіржан Қожантаев сөзсіз жеңіске жетті. Қол қоян жекпе-жектің қорытындысы бойынша Ресей құрамасы бірінші орынды, екінші орынды Қазақстан, үшінші орынды Беларусь иеленді.

Жауынгерлік жаттығулар жиынтығын «Әлем жауынгері» байқауының қатысушылары бірінші кезеңде орындады. Ол лабиринттер мен тосқауылдардан өтуден өртке қарсы дайындық пен химиялық қорғаныс стандарттарын орындауға дейінгі он бес түрлі жаттығуларды қамтыды. Әскери-кәсіби кезеңнің үздіктері Қазақстанның әскери қызметшілері, Беларусь құрамасының өкілдері - екінші орында, үшіншіде - Ресей құрамасы алды.

Қазақстандық әскери қызметшілер «Falconry» ұшқышсыз ұшу аппараттарының экипаждарының байқауында әуедегі барлауда үздік болды. Қазақстандық команда Беларусь пен Ресейден қатысушыларды артқа тастап, барлық табылған нысандарды объективті бақылаудың ең жақсы уақыты мен ең толық материалдарын көрсетті.

Осылайша Қазақстандық құрама әскери сайыстардың барлық саласында, әуе, құрлық, теңізде үздік атанып, өз айбыны мен қуатын дәлелдей білді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер