Жұт: мал саны 225 мыңға азайған

2887
Adyrna.kz Telegram

Биылғы қуаңшылық салдарынан Маңғыстау облысында мал қырылып, шаруаларға соққы болуда. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми статистикасы бойынша, Маңғыстау облысында қуаңшылықтан 1147 мал қырылған. Министрліктің сайтында жарияланған материалға сенсек, сонда Маңғыстаудағы бүкіл малдың 0,13 пайызы, қуаңшылықтан өлген.

Маңғыстау облысының жері жайсыз болғандықтан, төрт түліктің саны аз аймақтың бірі саналады.

Stat.gov.kz сайтының дерегіне жүгінсек, республикалық көрсеткіш бойынша еліміздегі жылқы саны 3,5 млн-нан асады. Ал оның ішінде Маңғыстау облысы жылқы санының көрсеткішімен соңынан санағанда 4-ші орынды (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) алады.

Маңғыстау облысындағы жылқының статистикасы:

2018 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 77,491

2019 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 78,36

2020 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 91,145

2021 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 95,684

2021 жылдағы көрсеткіші:

Сәуір - 124,068

Мамыр - 123,671

Маусым - 123,49

Шілде - 122,453

Тамыз - 95,684

Республикамыздағы түйенің саны 236 мыңнан асады. Оның 3-тен 1-і Маңғыстау облысында тіршілік етеді.

Маңғыстау облысындағы түйенің статистикасы:

2018 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 64,404

2019 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 71,370

2020 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 72,362

2021 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 73,530

2021 жылдағы көрсеткіші:

Сәуір - 85,893

Мамыр - 85,713

Маусым - 85,474

Шілде - 84,778

Тамыз - 73,530

Республикамыздағы сиырдың саны - 8 млн 600 мың. Сиыр көрсеткіші бойынша Маңғыстау артынан санағанда 3-орында.

Маңғыстау облысындағы сиырдың статистикасы:

2018 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 20,362

2019 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 21,409

2020 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 23,830

2021 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 23,916

2021 жылдағы көрсеткіші:

Сәуір - 30,649

Мамыр - 29,585

Маусым - 29,481

Шілде - 28,681

Тамыз - 23,916

Республикамыздағы қойдың саны - 23 млн 500 мыңнан асады. Маңғыстау облысы қойдың саны бойынша соңынан санағанда 3-орынды алады.

Маңғыстау облысындағы қойдың статистикасы:

2018 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 439,631

2019 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 432,859

2020 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 455,67

2021 жыл (1 тамыздағы мәлімет) - 436,206

2021 жылдағы көрсеткіші:

Сәуір - 614,261

Мамыр - 613,522

Маусым - 610,730

Шілде - 603,099

Тамыз - 436,206

Дереккөз: stat.gov.kz

Енді соңғы 5 айда малдың саны қаншаға азайғанын есептейік:

Жылқы - 28 384

Түйе - 12 363

Сиыр - 6 733

Қой - 178 055

Барлығы: 225 535

Маңғыстау облысындағы қуаңшылық алғаш рет болып жатыр ма?

2020 жылдың сәуір-тамыз айларында малдың саны 204 704-ке дейін қысқарған.

2019 жылдың сәуір-тамыз айларында малдың саны 199 921-ге дейін қысқарған.

Көргеніңіздей, Маңғыстау облысындағы мал басының санының қысқаруын бұған дейінгі жылдарда да көрініс тапқан. Алайда биылғы көрсеткіш бұрынғы жылдармен салыстырғанда көбірек.

Маңғыстау облысындағы қуаңшылықтың себебі неде?

- Каспий теңізінің тартылуы.

Каспий теңізінің Ирандағы ұлттық зерттеу орталығының басшысы Бани Хашеми:

"2019 жылы Каспий теңізі өткен жылға қарағанда 13 см-ге төмендеген. Бұған басты себеп, Каспий теңізіне құятын Жайық өзенінен судың азаюы (Ресей бұл өзен аумағында бірнеше су қоймасын тұрғызған). Екінші себеп, Каспий теңізіндегі температураның (жауын-шашынның аз болуы, күннің ыстық болуы)көтерілуі".

Бұл Каспий теңізінің қасындағы аймақтарға әсер ететіні анық.

Бұл жайлы Ауыл шаруашылығының министрлігі: "Соңғы 3 жылда Маңғыстау облысында құрғашылық байқалуда" - деп, айтты.

Бұл оқиға билікке қалай әсер етті?

- Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың жұмысын сынға алып, қуаңшылыққа байланысты шұғыл және батыл шешімдер қабылдамағаны үшін, отставкаға жіберді.

- Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері 1 күндік жалақыларын Маңғыстау облысындағы арнайы қорға аударып, еліміздегі азаматтарымыздан «құрғақшылықтан зардап шеккендерге қайырымдылық қорын» көрсетуді сұрады.

- Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Еділ Жаңбыршин: «Қазір Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан облыстарында құрғақшылық болып жатқаны өздеріңізге белгілі. Малдың көлемі, жерге экоцид, өсімдіктің өспеуі, мал жайылымының тарылуы сияқты көптеген мәселе туындап жатыр. Біз проблемадан шығу үшін, елге қажет әдістерді іздеп, климаттық технологияның бар екенін біліп, мамандарды Маңғыстауға шақырдық. Қазір қолдан жаңбыр жаудырудан басқа жолын көріп отырған жоқпыз».

- «Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша Маңғыстау облысына 5,3 млрд теңге бөлінді, оның 1,9 млрд теңгесі шөп сатып алуға, 3,4 млрд теңге жем сатып алуға бағытталады.

Маңғыстау облысына көрсетілген көмек биылғы мәселені шешкенімен, алдағы жылдағы қауіптің алдын ала ма? Барлығы уақыт еншісінде!

Қанат БАЙҰЗАҚОВ,

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер