Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуалға байланысты инстаграмда жаңа парақша ашты

3764
Adyrna.kz Telegram

БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі ізгі ниет елшісі Анджелина Джоли Ауғанстандағы ахуалға елдің назарын аударту үшін инстаграмда жаңа парақша ашты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы CNN-ге сілтеме жасап.

Анджелина Джоли жұма күні ашқан парақшасында аты-жөні мен мекенжайы бүркемеленген ауған қызының хатын жария еткен. Әлгі қыздың хатында тәлібтердің билігі кезінде өзінің өміріне алаңдайтынын және қорқатындығын жазады.

 

«Тәлібтер басып алғанға дейін құқығымыз болды. Құқымызы еркін қорғай да алатын едік. Олар келгеннен кейін барлығымыз да қорқып отырмыз әрі бүкіл арманымыздың күлі көкке ұшады деп ойлаймыз», - дейді ауған қызы хатында.

Біріккен Ұлттар ұйымының босқындар ісі жөніндегі изгі ниет елшісі Анджелина Джоли хат астына қалдырған пікірінде өзінің негізгі құқығымен күресіп жүрген бүкіл әлемдегі адамдардың тарихы туралы жазуды жоспарлап отырғандығын атап өтеді.

"11 қыркүйектегі лаңкестік әрекеттен екі апта бұрын Ауғанстан шекарасына барып, тәлібтердің режимі салдарынан елден қашқан босқындармен кездескенмін. Бұл осыдан 20 жыл бұрын болған еді. Ауғандықтардың тағы да елін жайлаған белгісіздіктен қорқып, босқынға айналуын көргеннен жаның ауырады", - деп жазды А.Джоли.

Талибан елді басқару ісін өзгертетіндігін жария еткеніне қарамастан, тұрғындардың басым көпшілігі оған сенімсіздікпен қарап отыр. Құндыз қаласы тұрғындарының бірі тәлібтердің өзгеретіндігіне шек келтіреді.

«Олар ортақ құндылықтарды ауған халқымен бөліспейді. Демократия – бұл олар үшін емес», - деді ол.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер