Шымкент қаласы Зообағының жануарларын жаңа вольерлерге көшіру жұмыстары жалғасуда

4484
Adyrna.kz Telegram

2020 жылы қолға алынған жобаға сәйкес қырық жылдан астам уақыт қолданыста болған вольерлерді жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Шілде айында Қайтпас, Қайсар есімді төрт жасар ағайынды екі арыстан жаңа вольерге орналастырылған болатын. Бүгінде екеуі де жаңа жайға үйренісіп, жағдайлары жақсарып қалған. Бұған дейін циркте өнер көрсеткен аңдармен қатар 2021 жылдың маусым айында 3 бас дала қасқыры, Новосибирск зообағынан әкелінген 2 қара және 2 қызыл қасқыр мен бес бас түлкі, шілде айында жергілікті цирктен әкелінген екі арыстан көшірілген. Барлық жануарлардың қазіргі жағдайлары жақсы. Алдынала дайындық жұмыстары атқарылуына байланысты көшіру барысында ешқандай қиындық туындамады.

Шымкент қаласы Зообағының барлық жануарларына жайлы және қауіпсіз орта қалыптастыру үшін тамыз айында Боня және Клайд есімді гиббондар, үш ұрғашы жасыл мартышка жаңа жерге көшірілді. Қоңыр аюларға арнайы салынған вольерлер де бір апта уақыт алдын даяр болып, Тянь Шаньдық Татьяна және Понтик, цирктен әкелінген 5 жасар Барни мен Умка жаңа орынға ауыстырылды.

Жаңа орындар әр жануардың табиғи қажеттілік және қызығушылығына қарай жасалып, кішігірім ойын алаңқайлары, бассейн және көлеңке берер ағаштармен қамтылған. Ескі және тар вольерлерде біраз уақыт өмір сүрген жануарлар жайлы жерлерге үйренісіп, күнделікті өмір барысын жалғастыруда.

Аталмыш жобаға сәйкес келер жылы барлық ескірген вольерлер кезек-кезегімен сүріліп, 2023 жылы толықтай жаңаруы жоспарланған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины исчезают за ночь! Попробуйте этот домашний метод…
Пікірлер