Ресей жемқорлықтың кесірінен білімді оқушыларын ең көп суицидке апаратын ел атанды!

712
Бізден қарап едім, таппадым. Ресейде жасөспірімдер арасында суицидтің 20%-ы мектеп оқушыларының университетке емтихан тапсыратын уақытында болады екен. Балалар жыл бойы емтиханға дайындалып, оқуға түсе алмайды.
Бірақ сабақты 3-пен оқып, грантты жеңіп алған сыныптастарын көреді. Біздің елде ақшамен бәрін шешуге болады. Гранттан бастап, оқушылар олимпиядасын да сатып ала аласың. Бұның бәрі Тұрсынбек сияқты қалталы адамдардың ақшамен бәрін шешуге болады деген тірліктерінен шыққан. Түркияда 3 жыл оқыдым. Полицияда, ауруханада пара берсе болатын шығар. Бірақ, білім ордасында бұл мүмкін емес.
Осыдан көресіздер, ертең тағы бір оқиға шығып Тұрсынбектің бұл қылығын да ұмытамыз. Тұрсынбектің машинасымен адам қағып өлтірсе де ештеңе болмайды. Әйелінің фирмасынан тендер өткізіп, зат алады. Тұрсынбекке ештеңе болмайды. Орнынан да алмайды. Эфирден де қумайды. Ертең әзіл әлемінің жаңа версиясы мен КТА-ның кезекті ойындарын жүргізе береді. Ары кетсе кешірім сұрауы мүмкін. Осындай ынжық халыққа үңгірде тұратын жабайысыңдар десе кіжінеп, үңгірдің суретін саламыз.
Осымен бітті. Келесі Тұрсынбек сияқты блатнойлар шығып, "Алтын Белгі" мен грантты сатып алмасын десек, қазірден бастап эфирге ондай адамдарды шығармау керек. Эфирге шыққан адам жемқорлық пен парақорлыққа ашық бармауы керек. Әрі басқаларға сабақ болады.
Сәбит Рысбаевтың
фейсбук парақшасынан
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар