Қабатовтың қызы үшін ҰБТ-ны басқа адам тапсырған ба?

4327
Adyrna.kz Telegram

Кеше желіде «Тұрсынбек Қабатов жалған құжатпен қызының орнына ҰБТ-ға басқа адам кіргізген» деген ақпарат тараған болатын. Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаменті мәліметті растады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"Тергеу кезінде жалған жеке куәлік жасаған 22 жастағы күдікті ұсталды. Қылмыстық кодекстің 385-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деді полиция департаментінің өкілі «Sputnik Қазақстан» тілшісіне берген түсініктемесінде.

Полиция ақпаратына сәйкес, оқиға 13 маусым күні болған. Ұлттық тестілеу орталығының қызметкерлері ҰБТ-ға жалған құжатпен қатысқан түлектерді бірден анықтаған.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер