Күзде COVID-19-дың тағы бір толқыны болуы мүмкін

2997
Adyrna.kz Telegram

Ұлыбританиялық ғалымдардың айтуынша, биыл күзде коронавирус инфекциясының тағы бір толқыны болуы мүмкін деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "MedicalXpress-ке" сілтеме жасап.

Бүгінгі күні ұлыбританиялық ғалымдарды COVID-19-дың "дельта" нұсқасы алаңдатуда.

Олардың айтуынша, вакциналардың індеттің бұл нұсқаға деген қарсы тиімділігі төмен. Демек Ұлыбритания ауруды бақылауға алғысы келсе, вакцинацияның әлдеқайда жоғары деңгейіне жетуі керек.

Оксфордтағы "AstraZeneca" вакцинасын әзірлеуші топ директоры, профессор Эндрю Поллардтың айтуынша, "дельта" нұсқасы бұрын екпе салдырған адамдарға жұғатын болса, олар вакцина алмаған кез келген адаммен байланыста болуы мүмкін. Бұл вакцина вирустың таралуын баяулатуы мүмкін дегенді білдірмейді.

"Қыркүйекте бұрынғыға ұқсас індеттің өршуі болуы мүмкін, тіпті одан да жаман болуы ғажап емес. Сондықтан бұл оптимизмнің бәрі қазір орынсыз", - деді ғалым.

Ғалымдардың айтуынша, жаздың басында COVID-19-дың көбеюіне қарамастан, үкімет 19 шілдеде шектеулердің көпшілігін алып тастаған. Премьер-министр Борис Джонсон бұл сәтті "Бостандық күні" деп атапты. Бұл Ұлыбританиядағы табысты вакцинация бағдарламасы адамдардың ауруға шалдығу немесе COVID-19-дан өлу ықтималдығы төмен екенін білдіреді.

Алайда зерттеушілердің мәліметінше, 19 шілдеден кейін ауруға шалдыққандардың саны тәулігіне 25 мыңға жеткен, бұл мамырдың басындағы көрсеткіштен 10 есеге көп.

Айта кету керек, соңғы аптада бұл елде коронавируспен ауырып, ауруханаға түскендердің орташа саны мамыр айындағымен салыстырғанда, шамамен сегіз есеге, ал өлім деректері 15 есеге көбейген.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер