Ashyq-ты аша алмайтын қарт адамдар не істейді?

2338
Adyrna.kz Telegram

Ashyq-ты аша алмайтын қарт адамдар азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға жеке куәлікпен кіре алады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін БАҚ-та Ashyq қосымшасы жоқ кейбір қарт адамдардың азық-түлік дүкендеріне кіре алмайтыны жазылған еді.

Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті азық-түлік дүкендері мен дәріханаларға Ashyq қосымшасы болмаса, жеке куәлікпен кіруге болатынын хабарлады.

Ashyq жобасына қосылған нысандарға смартфондағы мобильді қосымша арқылы кіруге болады, ол болмаған жағдайда нысан өкілі жеке куәлік арқылы келушінің мәртебесін "қарауыл" режимінде сканерлейді. Жеке куәліктің көмегімен қарт адамдар Ashyq нысандарына, оның ішінде азық-түлік дүкендеріне, дәріханаларға және басқа жерлерге бара алады, делінген хабарламада.
Алматының санитарлық дәрігерлері осы әңгімені айта отырып, қаладағы эпидемиологиялық жағдай күрделене түскенін қоса айтып үлгерді: тамыздың соңғы екі аптасында коронавирус жұқтырғандардың 22%-ы егде жастағы адамдар екенін ескертті олар.

Пікірлер