Екі ел +7 нөмірлеу кодын бөлісу туралы келісімге қол қойды

1242
Adyrna.kz Telegram
Сурет: gov.kz
Сурет: gov.kz

Қазақстан мен Ресей халықаралық телефон кодының +7 нөмірлеу аймағын бірлесіп пайдалану туралы келісімге келді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазақстан: +7 0, +7 6, +7 7 кодтарын қолданады.

Ресей: + 7 2, +7 3, +7 4, +7 5, +7 9 кодтары бекітілді.

Бұл келісім елдер арасындағы достық және өзара құрмет қағидаттарына негізделіп, ресурстарды азаматтардың игілігіне тиімді пайдалану үшін жасалған.

2021 жылы Қазақстан халықаралық код алу мақсатында +997 кодын резервке қойған болатын. Алайда, жаңа кодқа көшу бірқатар технологиялық және қаржылық қиындықтар тудыратыны белгілі болды. Сонымен қатар, абоненттерге деректерді жаңарту, мемлекеттік және банктік қызметтерге қолжетімділікті реттеу қажет болуы ықтимал.

Кодты ауыстыру кезеңінде жүйелік ақаулар мен қолайсыздықтардың пайда болуы мүмкіндігі де атап өтілді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Пікірлер