Шымкентте жаңадан құрылған әкімшілік сот жұмысын бастады

206

Бүгін елімізде жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енді. Осының негізінде Шымкент қаласында жаңадан құрылған мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сот жұмысын бастады. Соттың салтанатты ашылу рәсіміне қала әкімі Мұрат Әйтенов пен қалалық соттың төрағасы Ербол Рахымбеков және құқық қорғау органдарының басшылығы қатысты.

Қалалық сотта өткен жалпы отырыста  төраға Е.Рахымбеков  ҚР Президентінің 2021 жылғы 28 маусымдағы Жарлығымен тағайындалған сот алқасының төрағасымен және судьялармен таныстырды. Төраға судьяларды тағайындалуымен құттықтап, оларға жүктелген міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен атқаруларына тілектестігін білдірді. Өз кезегінде қала басшысы бұған дейін Қазақстанда мұндай кодекс болмағанын және жаңа заңнама азаматтардың құқығы мен мүдделерін қорғауға бағытталғанын атап өтті. Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексте әкімшілік рәсімдер, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібінің талаптары қамтылған. Енді мемлекеттік органдар мен ұйымдарға жүгінген әрбір азаматтың өтініші кодекс нормаларымен қорғалып, еліміздегі әкімшілік құқықтық қатынастар жаңа деңгейге көтерілді.  Әкімшілік сот Шымкент қ, Тыныбаев көшесі, 42, мекенжайындағы мамандандырылған соттар ғимаратында орналасқан.

 

Назкен Скандар

Пікірлер
Редакция таңдауы