Шымкентте әлеуметтік дүкендер саны артуда

18

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Егіс даласынан дүкен сөресіне дейін» атты пилоттық жобасын жүзеге асыруды міндеттеді. Осы мақсатта Мұрат Әйтенов Шымкент қаласында әлеуметтік дүкендер санын көбейтуді тапсырды. Бүгін азық-түлік бағаларын тұрақтандыру шаралары аясында «QAZ ЕТ» әлеуметтік дүкенінің екінші желісі ашылды.

Әлеуметтік дүкеннің өзге азық-түлік дүкендерінен  ерекшелігі - халық күнделікті бірінші кезекте тұтынатын азық-түлік өнімдерін төмен әрі белгіленген бағада сатуы.Келісімшарт негізінде алдағы уақытта шаруақожалық жоспарға сәйкес қаламыздың халқы тығыз орналасқан аймақтарда жыл соңына дейін қосымша тағы 3 әлеуметтік дүкен және 4 жылжымалы ет өнімдерін сататын сауда тіркемелерін іске қосуды жоспарлауда. Онда әдеттегідей көкөніс және ет өнімдері белгіленген бағада сатылатын болады.

Асқар Қаныбеков - Шымкент қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы

Ал, шаруашылықтың бүгінгі алғашқы ашылған жалпы аумағы 70 шаршы метрді құрайтын «QAZ ЕТ» әлеуметтік  дүкенінде 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Бұл дүкен алдағы уақытта қаламыздың тұрғындарын сапалы әрі белгіленген бағада азық-түлік өнімдерін сатып алуына өз септігін тигізері сөзссіз.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласында әлеуметтік азық-түлік тауарлар бағасын тұрақтандыру мақсатында «Грамад», «Фиркан» ірі сауда орталықтарында әлеуметтік 19 тауарды бекітілген шектік бағада саудалануда. Сонымен қатар, қаланың 4 жерінде азық-түлік жәрмеңкелері тұрақты түрде ұйымдастырылып, тұтыну тауарлары нарық бағасынан 10-15 пайызға төмен бағада сатылып келеді.

 

Назкен Скандар

Пікірлер
Редакция таңдауы