«1-М-1» қосалқы станциясының құрылыс жұмыстары аяқталуға жақын

1040
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттің шалғайдағы шағынаудандарын сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Ол үнемі қала әкімі Мұрат Әйтеновтің бақылауында. Жақында ғана бірқатар құрылыс басында болған қала басшысы ең алдымен халыққа сапалы ауыз су мен мемелкеттік жарықты жеткізіп беруді тапсырған болатын.

«1-М-1» қосалқы станциясының құрылысы 2019-2021 жылдар аралығына жоспарланған. Жобанның жалпы құны - 4,6 млрд теңгені құрайды. Қосалқы станция заман талабына сай, жабық жағдайда салынған. Бүгінде мұндағы жұмыстар аяқталуға жақын. Орнатылған трансформаторларды тексерістен өткізіп, пысықтау жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер мекеме ақауы анықталып кері қайтарылған кабель сымдарын күтіп отырмыз, дейді.

Жандос Орынбасар - «Электромонтаж» АҚ Кентау қалалық филиалының директоры

«1-М-1» қосалқы станциясы іске қосылса қаланың 5 бірдей елдімекені сапалы қуат көзіне қосылады деп күтілуде. Атап айтар болсақ, олар Асар-2, Солтүстік саяжай, Қайнарбұлақ, Достық, Қайтпас-2 шағынаудандарындағы 60 мыңға жуық тұрғын қамтылады деп көзделуде. Қоректендіру желісі 110 кВ құрайтын қосалқы станция Бозарық станциясынан қуат алатын болады.

Есбол  Уликов    - Шымкент қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының бөлім басшысы

Миллионды қаланы сапалы электр жарығымен қамтамасыз ету мақсатында дәл қазіргі таңда  3 қосалқы станцияның құрылысы жүргізілуде. Олар Бозарық, Ақжар, 1-М-1 станциялары. Егер де Бозарық станциясы іске қосылса, 4 бірдей қосалқы станциялар яғни, 1-М-1, Астана 1, Астана 2, Нұрсәт станциялары  сол жерден  ток көзін алып, тұрғындарға таратын болады. Ал, 220 кВ Бозарықты қосу жұмыстары тамыздың аяғына жоспарланып отыр.

 

Г.Асқарқызы                                      

Пікірлер