С.Шойгу Қытай мен Батыстан қауіптенгендіктен, астананы Сібірге көшіру керек екенін айтып отыр

4014
Adyrna.kz Telegram
Ресейдің қорғаныс министрі Сергей Шойгудың Ресей астанасын Сібірге көшіреміз деген сөзінде жан бар сияқты. Ресей қорғаныс министрі бұл сөзін сенімді түрде айтып отыр. Оның негізгі әрі басты себептері де жоқ емес.
Ресейдің Сібір аймағында тұтас Ресеймен қоса алғанда мыстың 50 пайызы, никельдің 75 пайызы, платинаның 90 пайызы жатыр.
Мұндай өндіріс ошақтарының басты иелері дәл қазір - Қытай. Қытайдың өндіріс саласындағы үлесін төмендету мақсатында да Ресей билігінде лоббисттік әрекеттер іске асуда. "РИА Новостиге" берген сұхбатында Ресейдің қорғаныс министрі Сібірдегі барлық өндіріс ошақтарын Ресейдің өзіне қайтару керек деген пікірін айтып қалды. Сібірден шығатын шикізаттардан аккумулятор мен электроқозғалтқыштарға қажетті барлық пайдалы қазбалар шығады.
Сонымен қатар Ресейдің Сібірдегі байлығына Еуропа мен АҚШ-та қызығушылық білдіріп келеді. Олардың да экономикалық мүддесі осы тұста қиысады. Сондықтан Ресейдің қорғаныс министрі осы өңірге барлық ғалымдар мен мамандарды тартуды іске асыру керектігін айтып, өндіріс орындарын тездетіп салып, әрекетке көшуді айта кетті.
Сергей Шойгу Красноярскдегі ғалымдармен кездесуінде де осы пікірін айтқан болатын.
Бірақ, жуық арада Ресейдің астанасы Сібірге көше салады дегенге ешкім де сене қоймас. Дегенмен министрдің айтып отырған пікірінің стратегиялық маңызы бар екені айдан анық.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер