Абай Құнанбаевтың мерекесі ұлықталды

2714
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгі Шымкенттің шуақты таңы әсем әуезді әнмен атты. Таңмен таласа өңірлік зиялы қауым, құрметті азаматтар, қала тұрғындары «Абай» саябағына гүл шоқтарын көтере келді.

Неге десеңіз, 176 жыл бұрын, дәл осы күні қазақтың рухани кемеңгері, ойшылы, білім мен бостандық жолындағы қажымас күрескері – Абай Құнанбайұлы дүниеге келген. Қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, артына өшпейтұғын із қалдырған кемеңгер Абайдың туған күнін биыл шымкенттіктер осылай атап өтуге бел буды. Әрине карантин талаптарын сақтау басты назарды.

Шымкент қаласының қақ ортасында орналасқан Абай саябағында бүгін ерекше атмосфера. Таңнан бастап Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, жанды дауыста ұлы ақынның әуезді әндерін келушілер қосыла шырқауда.

Бұл шараға қала тұрғындарымен қатар қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым, жас ақындар, кітапхана және Полиция департаментінің қызметкерлері де қатысты.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер