Маңғыстау тұрғыны вакцина алып, 2 бөлмелі пәтер ұтты

3121
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысының тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырып, пәтер ұтып алды, деп хабарлады облыстың қоғамдық коммуникация орталығы.

27 жастағы Қайрат Қосаевтың науқан жеңімпазы екені 6 тамызда белгілі болды. Оған Ақтау қаласынан жаңадан салынған үйден екі бөлмелі пәтер берілді.

Mangystay Media мәліметіне сәйкес, Қайрат Қосаевтың Түрікменстаннан көшіп келгеніне 10 жылдай болған. Ақтауда нағашыларының үйінде тұрған. Ата-анасы да Түрікменстаннан көшіп келуді жоспарлап отыр.

Жеңімпаздың айтуынша, вакцинаны ұтыс үшін емес, өз денсаулығы үшін салдырған.

"Бұған дейін ештеңе ұтып көрмеген едім. "Ұттың" деп хабарласқан кезде сенбедім. "Шын ба?" деп нақтылап сұрадым. Көпшілікпен жұмыс істейтін болғандықтан өз еркіммен емханаға барып вакцина салдырдым. Бәріне жұғысты болсын. Ауырмайық", - деді Қайрат Қосаев.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер