Қазақстанда ұшу алдында әуе жолаушыларының салмағын өлшеу басталды

3416
Adyrna.kz Telegram

Air Astana жолаушылардың ұшуы алдында ерікті түрде салмағын өлшейді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"9 тамыздан 31 тамызға дейінгі кезеңде Алматы мен Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан әуе компаниясының жолаушыларына ерікті салмақ өлшеу ұсынылады", деп мәлімдеді «Air Astana» АҚ баспасөз қызметі.

Авиакомпания жолаушыларды ұшу алдындағы өлшеу әуе кемесінің балансын орнату үшін статистикалық мәліметтерді жинау мақсатында Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) ережелеріне сәйкес жүргізілетінін түсіндірді.

"Бұл процедураны ассоциацияға мүше авиакомпаниялар әр бес жыл сайын жүргізеді. Таразыға өлшену жолаушының жынысына қарай бөлінген арнайы белгіленген жерге ұшуға тіркелгеннен кейін жүзеге асады. Процедура құпия ақпаратты жинауды қарастырмайды. Өлшеу рәсімінен өткен жолаушылар ұтысты лотереяның қатысушылары болады", дейді "Air Astana" АҚ баспасөз қызметі.

Таразыға өлшеу рәсімі, авиакомпания атап өткендей, «авиабилеттердің құнына еш әсер етпейді және тек ұшу қауіпсіздігін жақсарту үшін ғана жүргізіледі».

"Адырна" ұлттық порталы"

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер