Ақаев: Қырғызымнан кешірім сұраймын, үмітті ақтамадым!

3433
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев Қырғызстан халқынан жіберген қателіктері үшін және «Құмтөр» жобасын жүзеге асыру кезінде үміттерді ақтамағаны үшін кешірім сұрады.

Бұрынғы президенттің айтуынша, 1992 жылы "Құмтөр" бойынша келісімге қол қойылғаннан бері қырғыз тарапы ұлттық мүдделерге нұқсан келтіретін көптеген жеңілдіктерге жол берген.

"Мен жіберген қателіктерім үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Қырғыз халқының "Құмтөр" жобасына қатысты үмітін ақтамағаным үшін. Үкімет тарапынан тиісті бақылаудың болмауы канадалық инвесторларға кенішті толық бақылауға алуға мүмкіндік берді. Қырғызстанға олар аз пайда мен орасан зор экологиялық мәселе қалдырды", - деді Ақаев.

Қазір Қырғызстанда "Құмтөр" кеніші бойынша тергеу жұмыстары өтіп жатыр. Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев тергеушілердің сұрағына жауап беру үшін 16 жылдың ішінде алғаш рет Қырғызстанға келген еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Бегайте в 65 как в 20! Восстановите суставы этим средством...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер