Олимпиада: ерекшелік пен есе кеткендік

3189
Adyrna.kz Telegram

Токио Олимпиадасы жанкүйерлердің есінде соңғы сәтке дейін медаль күту, ең қымбатқа (7,5 млн доллар)сатып алған додада отандық спортшылардың өнерін өзбек, украин каналдарынан іздеп көрумен есте қалды.

Жазғы олимпиаданы қай орында аяқтағанбыз?

Атланта Олимпиадасы — 24-орын ( 3 алтын, 4 күміс, 4 қола)

Сидней Олимпиадасы — 22-орын ( 3 алтын, 4 күміс)

Афина Олимпиадасы — 40-орын ( 1 алтын, 4 күміс, 3 қола)

Бейжің Олимпиадасы — 29-орын ( 2 алтын, 4 күміс, 7 қола)

Лондон Олимпиадасы — 24-орын ( 3 алтын, 1 күміс, 6 қола)

Рио Олимпиадасы — 22-орын ( 3 алтын, 5 күміс, 10 қола)

Токио Олимпиадасы — әзірге 83-орын ( 8 қола)

 

Токиода қола жүлдені кімдер алды?

Елдос Сметов (28 жаста, 60 келі) - дзюдо.

Игорь Сон (дебютант, 22 жаста, 61 келі) - ауыр атлетика.

Зүлфия Чиншанло (28 жаста, 55 келі) - ауыр атлетика.

Қамшыбек Қоңқабаев (дебютант, 29 жаста, 91+ келі) - бокс.

Сәкен Бибосынов (дебютант, 24 жаста, 52 келі) - бокс.

Нұрислам Санаев (30 жаста, 61 келі) - еркін күрес.

Дархан Асаділов (дебютант, 33 жаста, 67 келі) - каратэ.

Софья Берульцева (дебютант, 20 жаста, 62 келі) - каратэ.

Ни золота, ни серебра: Казахстан завершил Олимпиаду в Токио с 8 медалями | YK-news.kz

Тек қола алғанымызды да әзілге айналдырып, сарказмдық негізде жазып жатқан қжелі қолданушылары жетерлік. Мысалы Базарбек Қамысбаев (Фейсбук қолданушысы): "Токио Олимпиадасының бір артықшылығы, "қола" алғандардың есімін жаттап алатын болдық. Рио Олимпиадасында 10 "қола" жүлдені алған спортшыны атап бере аласыз ба?" деген ой қалдырыпты.

Тяжелоатлет из Казахстана Игорь Сон выиграл бронзу Олимпиады-2020 в весовой категории до 61 кг - Eurosport

Бұл олимпиада "сан үнемі сапаға ұласпайтынын" көрсетті.. Сидней Олимпиадасында ең аз 7 жүлде алсақ та, "ең сәтті Олимпиада" ретінде әлі күнге аталып келеді. Ал Токио Олимпиадасында 8 қола жүлде алып, тарихымыздағы антирекордты (жалпы есептегі орын) жаңарттық.

 

Орталық Азия елдерімен салыстырсақ

 

Мемлекет 1996 жыл 2000 жыл 2004 жыл 2008  жыл 2012 жыл 2016 жыл 2020 жыл
Қазақстан 24-орын 22-орын 40-орын 29-орын 25-орын 22-орын 83-орын
Өзбекстан 58-орын 43-орын 35-орын 40-орын 48-орын 21-орын  32-орын
Қырғызстан Жүлде алмаған 71-орын Жүлде алмаған 65-орын Жүлде алмаған Жүлде алмаған 70-орын
Тәжікстан Жүлде алмаған Жүлде алмаған Жүлде алмаған 65-орын 79-орын 54-орын Жүлде алмаған
Түркіменстан Жүлде алмаған Жүлде алмаған Жүлде алмаған Жүлде алмаған Жүлде алмаған Жүлде алмаған 77-орын

 

Токио олимпиадасына жалпы Орталық Азиядан қатысқан спортшылар саны мен жүлдесі былай болды:

- Қазақстан алғаш рет "қола" жүлдемен шектелді. (93 спортшы)

- Қырғызстан өз тарихында алғаш рет 2 "күміс" алды. (16 спортшы)

- Түркіменстан алғаш рет Олимпиаданың жүлдесіне (ауыр атлетикадан "күміс" жүлде)  қол жеткізді. (9 спортшы)

- Өзбекстан 2 Олимпиада қатарынан Орталық Азияда көшбасшы атанды. (67 спортшы)

- Тәжікстан (10 спортшы)

Каратист Дархан Асадилов одержал вторую подряд победу в своей группе на Олимпиаде в Токио

Қандай ерекшеліктер байқалды?

- Үлкен теннисте алғаш рет жартылай финалға жеттік. (22 жастағы Елена Рыбакина Қазақстанның рекордын жаңартты. Бұған дейінгі үздік көрсеткіш: 2012 жылы Ярослава Шведова 1/16 финалға жеткен).

- Олимпиададағы жаңа спорт түрінен жүлде алдық. (Каратэден 2 спортшымыз қола жүлдегер атанды. Өкінішке қарай, 2024 жылы Париж Олимпиадасына каратэ енгізілмейді.)

- Алғаш рет соңғы жүлдені боксшылар алмады (Спорт сүйер көрермендер каратэші  Софья Берульцеваның тілеуін тіледі)

- Бокстан алғаш рет "қазақ салмағында" жүлде алмадық (69 келі салмақта қазақ боксшылары 2004 жылдан бері чемпион атанып келген).

- Ауыр атлетикадан барған 2 спортшымыз да жүлде алды.

- 2-ші мәрте қатарынан алғашқы Олимпиада жүлдесін дзюдошыларымыз (Елдос Сметов) әперді. (2016 жылы Галбадрах Отгонцэцэг)

Четвертая бронза: Камшыбек Кункабаев не смог выйти в финал Олимпиады-2020: 04 августа 2021, 12:39 - новости на Tengrinews.kz

Бокстағы антирекордты қайталадық

Атланта (1996) - 1 алтын, 1 күміс және 2 қола.

Сидней (2000) - 2 алтын, 2 күміс.⁣

Афина (2004) - 1 алтын, 1 күміс және 1 қола.⁣

Бейжің (2008) - 1 алтын, 1 қола.⁣

Лондон (2012) - 1 алтын, 1 күміс және 2 қола.⁣

Рио (2016) - 1 алтын, 2 күміс және 2 қола. ⁣

Токио (2020) — 2 қола.

Оң жамбасымызға келетін бокстан алғаш рет "алтын" жүлдесіз қалуымыз көпшілікті алаңдатқаны анық. Бірақ Париж Олимпиадасында ерлер бәсекесінде тағы да салмақтың азаятындығын ескергендігіңіз жөн.

Атланта (1996) - Ерлер бәсекесі - 12

Сидней (2000) - Ерлер бәсекесі - 12

Афина (2004) - Ерлер бәсекесі - 11

Бейжің (2008) - Ерлер бәсекесі - 11

Лондон (2012) - Ерлер бәсекесі - 10, қыздар бәсекесі - 3.⁣

Рио (2016) - Ерлер бәсекесі - 10, қыздар бәсекесі - 3

Токио (2020) - Ерлер бәсекесі - 8, қыздар бәсекесі - 5

Париж (2024) - Ерлер бәсекесі - 7, қыздар бәсекесі - 6

 

Өкінішке қарай, Жазғы Олимпиадада тағы да бәсіміз жоғары күрес, бокс, ауыр атлетикадан ғана жүлде алдық. Егер Токио Олимпиадасындағы 4 есе құлдыраған теріс нәтижеміз Париж төрінде қайталанбасын десек, басқа спорттарға да назарымызды аударған дұрыс.

Бізде спорттан жүлде алса ғана, сол спортты дамытуға көңіл бөледі. Ал өзге елдер спортты дамытып, одан кейін жүлде алуды мақсат етеді.

Қанат Байұзақов

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер