Атырауда «Жас құтқарушылар» сайысы өтті

103

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен білім беру басқармасы «Жас құтқарушы» облыстық слетін өткізді.

Жас ұрпақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға дайындап, төтенше жағдайларда әрекет ету дағдыларын қалыптастыруға бағытталған слетке Құрманғазы, Исатай, Қызылқоға, Жылыой аудандарының командалары қатысты.

10 сынып оқушыларынан құралған командалар қайсарлық пен табандылықты қажет ететін құтқарушы қызметінің қиын жұмыстарын тәжірибе жүзінде сезіне білді.

Слет «Таныстыру» байқауымен басталды. Содан соң «Су айдынындағы құтқару жұмыстары» және де шартты зардап-шегушіні құтқару, яғни «өткел» сайыстары өтті. Одан кейінгі кезеңдер «өрт сөндіру эстафетасы», «газет-жарнама қалқаны», «дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық көмек көрсету» сындары бойынша өтті. Тартысты өткен жарыстың қорытындысында командалық есепте жүлделі бірінші орынды Қызылқоға ауданы, екініші және үшінші орынды Құрманғазы, Исатай аудандары бөлісті.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері жастарға сәттілік тіледі.

Пікірлер
Редакция таңдауы