Леонардо да Винчи Иса пайғамбардың суретін салуға үш жылын жұмсаған

2785
Adyrna.kz Telegram
,,ҚҰПИЯ КЕШТЕ".
Леонардо да Винчи осы шығармасын дүниеге әкелу үшін үш жылын( 1495-1498) сарп етіпті. Ол суреттегі ондаған адамдардың ішінде Иса пайғамбар мен Йуда Искариоттың бейнесіне айрықша мән берген екен.
Иса пайғамбардың бейнесін жасайтын адамды шіркеу хорының жас әншілерінің ішінен тауып, ал Иуданы келтіретін натурщикті үш жылға жуық таба алмапты. Ақыры бір күні келе жатып арықтың ішінде жатқан бір маскүнемді жолықтырып, іздегенін тапқандай болады. Ол адамы үздіксіз ішкіліктен түрі бұзылып, қартамыс көрінгенімен жас жігіт екен. Леонардо оны өзімен бірге алып кетіп, бірден Иуданың бейнесн шығара бастайды. Біраздан соң өзі-өзіне келген әлгісі өзінің бұрын да суретшіге натурщик болғанын айтыпты.
-Қашан?- дейді таңданған Леонардо.
-Бұдан бірнеше жыл бұрын, мен шіркеуде ән айтып жүргенде маған қарап Исаның бейнесін шығарғансыз,- депті маскүнем.
Сонда арақ азғана жылда адамды аздырып, пайғамбардың келбетінен азғынның бейнесіне түсіріп тұр ғой.
Рамазан АЖНИЯЗОВТЫҢ
фейсбук парақшасынан
Пікірлер