2021-22 оқу жылы: оқушылар қалай демалады?

4108
Adyrna.kz Telegram

ҚР Білім және ғылым министрлігі 2021-2022 оқу жылының ұзақтығы мен оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдерін айқындады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан орта білім беру ұйымдарында 2021 - 2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы және каникулы кезеңдерінің мынадай мерзімдері айқындалсын:
1) 2021 - 2022 оқу жылының басталуы - 2021 жылғы 1 қыркүйек;
2) оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы»,–делінген құжатта.

Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері:
1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 1-7 қараша аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 30 желтоқсан мен 2022 жылғы 9 қаңтар аралығында), көктемгі – 12 күн (2022 жылғы 19-30 наурыз аралығында);
1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында).

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер