Той-томалаққа барғандарға да айыппұл салынады

2477
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында енді той, садақаға барғандарға да айыппұл салынады. Төлейтін соманың құны да – 80 мың теңге. Жергілікті билік осылайша ауруды ауыздықтамақ ниетте, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «КТК» арнасына сілтеме жасап.

Мұнайлы аймақта коронавирус жұқтырғандардың саны сағат сайын өсіп барады. Соңғы тәулікте 181 адамнан КВИ анықталып, 14 адам көз жұмған.

«Тойда жүрген азаматтарды штрафқа тартамыз. Себебі, той иесінің жауапкершілігі бір бөлек. Екінші мәселе – тойға қатысып жүрген адамдардың жауапкершілігі»,– деді Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Гүлмира Қалмұратова.

Айта кетейік, бұған дейін тек той, садақа жасағандар мен мейрамхана иесіне ғана айыппұл салынатын еді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер