Qazaq Titan 16 тонналық ұшақты сүйреді

743

"Qazaq Titan" атымен танымал 24 жастағы Алмат Жұманов ұшақ сүйреп, Қазақстанның рекордтар кітабына енуге тырысты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Астана" телеарнасына сілтеме жасап. 

Телеарна мәліметінше, әуе кемесінің жалпы салмағы — 16 тонна. Биіктігі — 8,4 метр. Жұманов бұл бастамасын Тәуелсіздік 30 жылдығы мен Токио Олимпиадасының қатысушыларына арнаған.

Дегенмен спортшының сөзінше, бұл белесті бағындыруға көп уақыт жұмсамаған. Мұндай батыл шешімді осыдан 2 ай бұрын қабылдаған.

Алмат мұндай спортпен 10 жасынан бастап айналысқан. Бұған дейін наурызда 100 тонналық вагонды 8 жарым метрге дейін сүйреп, Қазақстан Гиннестер кітабына енген болатын. Мұнымен тоқтамай, арқасына 300 келілік түйе салып, үш көлікті сүйреп, ерекше адамдардың қатарына екінші рет енген. Бірақ бұл жолғы нәтиже рекордтар кітабына енуге жеткіліксіз болды.

"Бізде ешқандай реттеу, өлшеу деген болған жоқ. Техникалық ақаулар болды рекордты толық жасауға деп ойлаймын. Бірақ та бұл біріншіден рекорд емес. Екіншіден, мұны тіркемейміз", - деді Қазақстан рекордтар кітабының ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Алмат Жұмановтың бұл жолы  ұшақты 30 сантиметрге сүйреген. Жалпы, бұған дейін 16 тонналық ұшақты 30 метрге тарқан ресейлік атлет болған екен. Ол алдағы айда 65 тонналық әуе кемесін сүйреуге өтініш беріпті.

"Соңғысына күшім жетпей қалды. Жаңағы 1-2 мүмкіндікпен күшім кетіп қалды. Тартқанымның өзі мен үшін результат. Өйткені, мұндайды тарту оңай емес", - деді А.Жұманов. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер
Редакция таңдауы