Елімізде жаңа телеарна ашылды

2738
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда республикалық рухани-ағартушылық бағыттағы MUNARA TV телеарнасы ашылды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

OTAU TV ұлттық жерсеріктік телевизия желісінде 49-шы болып тіркелген телеарна Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы базасында құрылды деп хабарлады ҚМДБ-ның ақпарат және қоғаммен байланыс бөлімі.

"Енді Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының телевизия саласындағы ақпараттық-насихат жұмыстары осы MUNARA TV телеарнасы арқылы таратылады. MUNARA TV халықтың діни сауатын арттыруды, жас көрермен бойына имандылық, адамгершілік, патриотизм сынды құндылықтарды қалыптастыруды көздейді", – делінген діни басқарма таратқан ақпаратта.

Сондай-ақ телеарна онлайн дәріс ұйымдастыруды, өзекті мәселелер төңірегінде тікелей эфирде жауап беруді жоспарлап отыр.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының MUNARA республикалық рухани-танымдық газеті бар. Келешекте MUNARA FM радиосын ашу жоспарланған.

Діни басқарманың төл телеарнасы мен радиосын ашу 2020-2025 стратегиялық даму бағдарламасында жазылған.

2020 жылдың қарашасында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Асыл арнаның" жабылып, "Халық арна" телеарнасының ашылғанын мәлімдеді.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Пікірлер