Әкімдер сайлауы: Ақтөбе облысында сайлаушылардың 79 пайызы дауыс берген

817

Ақтөбе облыстық сайлау комиссиясының мүшесі Шыңғыс Нұржігіт 25 шілдедегі сағат 20.00-дегі жағдай бойынша облыста ауыл әкімдерін сайлауға 25 308 адам қатысып, сайлаушылардың 79 пайызы дауыс бергенін жеткізді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.
— Аумақтық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес 2021 жылғы 25 шілдедегі сағат 20.00-дағы жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 79 пайызы алды. Яғни 25 308 адам сайлауда дауыс берді. Олардың ішінде Әйтеке би ауданында сайлаушылардың 72,29 пайызы, Алға ауданында — 88,52 пайызы, Байғанин ауданында — 86,82 пайызы, Ырғыз ауданында — 85,93 пайызы, Қарғалы ауданында — 90,96 пайызы, Мәртөк ауданында — 93,74 пайызы, Мұғалжар ауданында — 98,31 пайызы, Темір ауданында — 55,45 пайызы, Ойыл ауданында — 93,91 пайызы, Қобда ауданында — 81,16 пайызы, Хромтау ауданында — 92,92 пайызы, сондай-ақ Шалқар ауданында 89,40 пайызы дауыс берді, — деді ол.
Оның айтуынша, қазір сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жұмыстары жүргізілуде. Нәтижелері ертең жарияланады.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар