Вице-министр неге соққының астында қалды?

2348
Adyrna.kz Telegram

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинаға қарсы келіншектердің вице-министрді соққының астына алғаны туралы түсініктеме берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Денсаулық сақтау министрі не себепті ашынған аналардың алдына шықпағаны туралы мәлімдеді. Цой дәл ол уақытта бос болмағанын жеткізді.

«Бізді түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мен де, вице-министрлер де халықпен тығыз жұмыс жасап жатырмыз. Бізде кездесудің нақты графигі бар. Дәл сол сәтте бос болған мамандар шығып, халыққа түсініктеме берді. Департамент басшыларынан бөлек, вице-министрлер де халықпен байланыс орнатып, мұң-мұқтаждарын тыңдады. Бүкіл министрлік түсіндіру жұмыстарын жүргізу үшін қолдан келгенін жасап жатыр. Мен халықпен кездесуге дайынмын», – дейді Цой.

Еске салсақ, тұрғындармен кездесуге денсаулық сақтау вице-министрлері Жандос Бүркітбаев, Ажар Ғиният және Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ресми өкілі Ержан Байтанаев келген. Алайда әйелдер олардың сөзін тыңдамай, шенеуніктерге жұдырық ала жөнелген.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер