Ақтауда Орталық Азияда баламасы жоқ саябақ ашылды

3147
Adyrna.kz Telegram

Кеше Ақтауда еліміздегі алғашқы тақырыптық саябақ ашылды. Шараға Премьер-министр А.Мамин мен облыс әкімі С.Трұмов қатысып, саябақты аралап көрді. Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде орналасқан саябақта Орталық Азияда теңдесі жоқ BluPower, Watermania және Snorri сынды 30-дан астам аттракцион іске қосылған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Каспий теңізінің керемет көрінісіне шолу жасауға мүмкіндік беретін айналма дөңгелек, жылдам америкалық төбешіктер, Жалқау өзен толқындық бассейні және Water World аквааймағы балалар мен ересектер үшін тамаша көңіл-күйге толы ұмытылмас әсер сыйлайды",- дейді жоба авторлары.

Аква аймағы таңғы 10.00-ден кешкі 17.30 дейін, ал аттракциондар аймағы 12.00-ден 22.00 дейін жұмыс істейді.

«TETYSBLU» жобасы Ақтау қаласынан 20 шақырым жерде Каспий теңізінің көркем жағалауында орналасқан және сәнді қонақ үйлерден, виллалар мен резиденциялардан бастап, ерекше аттракциондары бар тақырыптық паркке, сауда орталығына, гольф-клубқа және жағажай клубына дейін кең дамыған инфрақұрылымды қамтиды.

2020 жылы бес жұлдызды "Rixos Water World Aktau" қонақ үйінің ашылуымен жобаның бірінші кезеңі сәтті жүзеге асырылған.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер