Үндістанда 4 300-ге жуық адам «қара зеңнен» қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы United News of India басылымына сілтеме жасап.
Елдің денсаулық сақтау министрі Мансух Мандавия Үндістанда мукормикоз деп аталатын аурудың 45 374 жағдайы тіркелгенін мәлімдеді. Ең көп зардап шеккендері: Махараштра және Гуджарат. Онда 1 785 адам көз жұмған.
Басылымның ақпаратынша, адамдар коронавирустан жазылғаннан кейін 12-18 күн өткен соң «қара зең» инфекциясын жұқтырған. Аталмыш ауру мұрынға, көзге және тіпті миға әсер етеді. Дәрігерлер көптеген науқастың ауруханаға түскенге дейін аурудан қайтыс болғанын айтты.
«Мукормикоздан болатын өлім инфекциядан бірнеше апта немесе ай өткен соң пайда болады. Негізінде Үндістанда мукормикоз жағдайлары ресми статистикаға қарағанда әлдеқайда көп. Шағын ауруханалар мен ауылдық жерлерде диагноз қою қиын», - деді Бангалор қаласының дәрігері Рагхураж Хегде.
"Адырна" ұлттық порталы