БҚО-да көпбалалы отбасында қайғылы оқиға болды

4264
Adyrna.kz Telegram

Батыс Қазақстан облысындағы ауылда он бір жастағы оқушы абайсызда өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

Трагедия 16 шілдеде Бөкейорда ауданының Бисен ауылында болды, деп хабарлады аудан әкімдігі.

«Отбасының тұрмысы жақсы. Отағасы шаруа қожалығымен айналысады, төрт баланы тәрбиелеп отыр. Қайғылы жағдай дәл қалай болғанын біз айта алмаймыз», - деп түсініктеме берді Бөкейорда ауданы әкімдігінің өкілі.

Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі оқ баланың мойнына тигенін атап өтті.

Бұл уақытта ата-анасы үйде болмаған.

Бала жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Биыл оқушы 6-сыныпты аяқтаған.

Бұған дейін полицейлер қару-жарақты қолдану ережесін еске салған: қаруды оқтап қоюға болмайды, оны ешқашан адамға кезенбеңіз, оқ ататын ойыңыз болмаса, мылтықтың тартпасына саусағыңызды тигізбеңіз, балалардан аулақ ұстаңыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер