Қазандағы атысты ұйымдастырған жігітке қандай "үкім" шықты?

3539
Adyrna.kz Telegram

Қазандағы №175 мектепте ұстаздар мен оқушыларға оқ жаудырған Ильназ Галявиевке жүргізілген сараптама қорытындысы жарияланды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

"В.П. Сербский атындағы мемлекеттік әлеуметтік және сот психиатриясы ғылыми орталығы Қазан қаласында атыс шығарған Ильназ Галявиевті ақыл-есі кем деп таныды", - делінген қоғамдық бақылау комиссиясының ресми органы "Газеты ОНК" басылымында.

Айта кету керек, биылғы жылдың 11 мамырында Татарстанның Қазан қаласындағы мектептерінің бірінде атыс болған еді.

Тергеу жұмыстары кезінде мәлім болғандай, 19 жастағы Ильназ Галявиев № 175 гимназияда жарылыс жасап, оқушылар мен мұғалімдерге оқ атқан. Нәтижесінде 9 адам, оның ішінде жеті бала мен екі мұғалім көз жұмды. Тағы 24 адам жараланды.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер