Джефф Безос ғарышқа ұшты

2926
Adyrna.kz Telegram

Әлемдегі ең бай адам және Amazon компаниясының негізін қалаушы Джефф Безос өзінің Blue Origin компаниясы салған New Shepard кемесі арқылы ғарышқа барып келді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Зымыран жергілікті уақыт бойынша 09:12-де (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 19:12 – ред.) Ван Хорн қаласының жанындағы Безос жеке ғарыш айлағынан ұшты. Жалпы ұшу 10 минут 10 секундқа созылды.

Миллиардер Жерге оралғаннан кейін алған әсерімен бөлісті.

"О, Құдайым! Бұл менің күткенімнен де асып түсті!"– деді Безос New Shepard кемесінің алғашқы ұшуының қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ ол жыл соңына дейін New Shepard кемесінің тағы екі ұшу сапарын жүзеге асыратынын растады.

"Қазір жеке өтінімдерден алынған сомалар 100 миллион долларға жақындап келеді, сұраныс өте үлкен", - деді кәсіпкер.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер