Атырауда балықтың қырылуына неге жол беріліп жатыр?

986

Атыраудағы жанайқай!

Мұндай бассыздыққа не үшін жол беріліп отыр...?

Туған жерім Атыраудағы, атап айтсам ағымдағы осы жылдың мамыр айында Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекция басшылығының жауапсыз қызметінің кесірінен тонналап өлген балықтарды, яғни тұрмысы әбден кедейленіп нашарлаған халыққа бергісі келмей, босқа шіріткен Нұрлыбек Асылбекұлы Ғайсин деген шенеунік заңды түрде жазалануы былай тұрсын, қызметі көтеріліп, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен жақын арада Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының басшысы болып тағайындалыпты.
Бірінші қоршаған ортаға зиянды, яғни тонналап шіріген балыққа утилизация жасалды ма?
Екіншіден, егер экологияны сақтау нормаларына сәйкес утилизация жасалған болса, халық алдында Нұрлыбек Ғайсин балықтың жаппай өлуіне байланысты толықтай мәлімет пен есеп беруі керек еді, соған орай халыққа түсіндірме жұмыстарын жасады ма?
Үшіншіден Атырау жұртының бар байлығы болып есептелетін балықтың жаппай қырылуына жауапты тиіс, мемлекеттік мекеменің басшысы болуға Нұрлыбек Ғайсиннің білімі мен кәсіби біліктілігі қаншалықты сай келеді және құзырлы органдардың тарапынан басшылыққа лайықты лауазым талаптары ескерілді ме?
Мысалы Маңғыстау мен Қызылорда өңірлерінде жергілікті биліктің уақтылы жұттың алдын алмауының кесірінен- жаппай мал қырылды, ал Атыраудағы Махамбет ауданындағы мамыр айындағы тонналаған балық ит-құсқа жем болды, жемқорлық пен немқұрайдылыққа негізделген осындай "экологиялық апаттардың" тағы да қайталанбайтынына кім кепілдік бере алады?
Немесе бұндай бассыздық пен сорақылық қашанға дейін жалғасады?
Әлде елде болып жатқан жұт,құрғақшылық, топан су яки қуаңшылық деген катаклизмдерді тілсіз табиғатқа жаба салып, қарап отырамыз ба?
Сол үшін мен осы мәселеге байланысты үкімет басшысы мен ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне әлеуметтік желі мен БАҚ арқылы ресми сауал жолдаймын және тез арада аталмыш мемлекеттік органдардан Атырау балық шаруашылығы инспекциясының басшысының лауазымы мен кәсіби іс-әрекеті, мемлекеттік қызмет заңына қаншалықты сәйкес келетіні жөнінде толыққанды нақтылы жауап күтемін.

Халықаралық IFJ журналистер

федерациясының мүшесі,
"Демос"ҚБ төрағасы

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ

Пікірлер
Редакция таңдауы