Вакцинаға қарсы бір топ әйел шенеунікті сабап тастады

3808
Adyrna.kz Telegram

Астанада вакцинаға қарсы бір топ әйелдер денсаулық сақтау министрлігінің өкілдеріне шабуылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап. 

Тұрғындармен кездесуге денсаулық сақтау вице-министрлері Жандос Бүркітбаев, Ажар Ғиният және Қазақстанның бас санитар дәрігерінің ресми өкілі Ержан Байтанаев келген. Алайда әйелдер олардың сөзін тыңдамай, шенеуніктерге жұдырық ала жөнелген.

Өз кезегінде Ержан Байтанаев оқиға жайлы пікір білдірді. Сөзінше, қандай жағдай болмасын мемлекеттік органдардың қызметкерлері халықпен келісімге келуге тырысады.

"Бүгінгі болған оқиға мені қатты састырды. Мен көп балалы аналардың бұл қылығын көріп, не айтарымды білмей қалдым. Олардың арасында мүгедек баланы тәрбилеп отырғандары бар, алайда әйелдердің министрліктің мүгедек қызметкеріне көрсеткен озбырлығы адам нанғысыз. Олар ғимаратқа баса көктеп кіріп, өзін қорғай алмайтын қызметкерді тарпа бас салды. Күш көрсетіп, балағаттай бастады. Бейшара қыздың, керісінше, оларға көмектіскісі келетінін ешкім де тыңдамады", – дейді Байтанаев.

Ол бұл жағдайды мысалға келтіре отырып, халықты сабырлыққа шақырды.

"Мүгедек жандардың мүддесін қорғаймыз деген олар мүмкіндігі шектеулі қызға қатысты осындай қылық танытып отыр. Бұл не деген екіжүзділік? Біз зайырлы әрі заңға негізделген мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Сол себепті әркімнің үніне құлақ асуға дайынбыз. Егер сұрақтарыңыз бен шешілмеген мәселелеріңіз болса, ашуға берілмей келіп түсіндіріңіздер. Біз тыңдауға дайынбыз", – деді Байтанаев.

Еске салсақ, бұған дейін мемлекет басшысы вакцина алғысы келмейтін адамдар бірдей емес және олармен жұмыс істеуде әртүрлі тәсілді қолдану қажет екенін айтқан болатын.

Пікірлер