ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қызылорда облысының халқымен кездесті

3208
Adyrna.kz Telegram

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, мәжілістегі фракция мүшесі  Геннадий Шиповских, «Nur Otan» партиясы Орталық аппаратының қызметкері Гүлнар Нұрахметханова және партия атынан ауылының әкімдігіне үміткер Эльмира Қазиева Ақай ауылы тұрғындарымен кездесті.

Карантин талаптарына сай ауылдық клуб алдында өткен кездесуге ауыл тұрғындары, ақссақалдар, ауыл жастары жиналды.

Кездесуде сөз алған Парламент Мәжілісінің депутаты Г.Шиповских 2025 жылға арналған сайлауалды бағдарламаның Жол картасы негізінде атқарылып жатқан және жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып өтті.

«Құрметті ауыл тұрғындары өздеріңізге белгілі партияның 5 жылға арналған сайлауалды бағдарламасында сіздердің ауылға қатысты да біраз шаруалар енгізілген. Қазіргі уақытта облыс бойынша Жол картасының 16% жүзеге асырылып отыр. Атап айтар болсам 6000 ға жуық тұрғыны бар Ақай ауылдық округіндегі электр желілерін кеңейту және қайта жаңғырту жобасы жүзеге асып, оның игілігін ел көріп отыр», - деді депутат.

Кездесуге алдағы өтетін ауыл әкімдерінің тікелей сайлауына Ақай ауылдық округіне «Nur Otan» партиясынан үміткер Қазиева Эльмира тұрғындарға өзінің сайлауалды бағдарламасын жан-жақты таныстырды.

Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерінің талап-тілектері мен ұсыныстарын айтты.

Пікірлер